Evince ішінде құжаттарды түзетуге болады ма?
Evince құжаттарға өзгерістер енгізу үшін қолданылмайды. Сіз өзгерткіңіз келетін файл түріне сәйкес түзету қолданбасын қолдануыңыз керек.
PDF және PostScript (.ps) файлдары әдетте түзетуге арналмаған, бірақ PDF түзетуге арналған бағдарламалық қамтама бар. Мысалы, LibreOffice Draw немесе Okular қолданып көріңіз. Сонымен қатар, pdfarranger беттерді қайта орналастыруға немесе өшіруге және файлдарды біріктіруге мүмкіндік береді.