Құжат бойынша жылжу

Құжаттың әр беті бойынша келесі әдістердің кез келгенімен жылжи аласыз:

  • Тышқан дөңгелегімен жоғары және төмен айналдыру. Бетті тек тышқанды жылжыту арқылы шарлау үшін:

    1. Бетке оң жақпен шертіп, Автоайналдыру таңдаңыз.

    2. Төмен айналдыру үшін тышқан курсорын терезенің төменгі жағына қарай жылжытыңыз; терезенің неғұрлым төменгі жағына барсаңыз, ол соғұрлым жылдам айналады.

    3. Автоайналдыруды тоқтату үшін құжаттың кез келген жеріне шертіңіз.

  • Құжат терезесіндегі айналдыру жолағын қолдану.

  • Пернетақтадағы жоғары және төмен бағдарша пернелерін қолдану.

  • Бетті тышқанмен ұстап алғандай сүйреп жылжыту. Ол үшін:

    • Тышқан курсорын беттің үстіне апарып, оны жан-жаққа сүйреу үшін ортаңғы батырмасын басып тұрыңыз.

    • Егер сізде тышқанның ортаңғы батырмасы болмаса, сол және оң жақ батырмаларын бір уақытта басып тұрып, сүйреңіз.

Беттер арасында ауысу

Құжат беттері арасында келесі әдістердің бірімен ауыса аласыз:

  • Пернетақтадағы Ctrl+Page Up немесе Ctrl+Page Down батырмаларын басыңыз.

  • Белгілі бір бетке өту үшін:

    • тақырыптама жолағындағы Бетті таңдау өрісіне бет нөмірін теріп, Enter басыңыз.

    • Егер құжаттың басына немесе соңына өткіңіз келсе:

      • Пернетақтада Ctrl+Home басыңыз.

      • Пернетақтада Ctrl+End басыңыз.

  • Бір уақытта он бетке жылжу үшін Shift+Page Up немесе Shift+Page Down басыңыз.

    Әдетте, сіз тек бір-бір беттен ғана жылжи аласыз. Егер беттер арасында тек айналдыру немесе сүйреу арқылы ауысқыңыз келсе, терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Үздіксіз таңдаңыз.

Масштабты үлкейту және кішірейту

Масштаб деңгейін реттеу үшін:

  • Жоғарғы оң жақ бұрыштағы ашылмалы мәзірден қажетті масштаб пайызын таңдаңыз.

  • Сонымен қатар, масштабты үлкейту үшін Ctrl++, ал кішірейту үшін Ctrl+- пернелер жарлықтарын қолданыңыз.

  • Немесе Ctrl пернесін басып тұрып, масштабты өзгерту үшін тышқанның айналдыру дөңгелегін қолданыңыз.

Бетті сыйдыру опциясы құжат бетін терезенің бүкіл биіктігіне сыйдырады.

Ені бойынша сыйдыру опциясы құжат бетін терезенің бүкіл еніне толтырады.

Егер бір уақытта екі бетті қатар көргіңіз келсе (кітаптағыдай), терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Қос беттік таңдаңыз.

Егер allow-links-change-zoom gsetting мәні жалған (false) деп орнатылса, сілтемелердің масштаб деңгейін өзгертуіне тыйым салынады.

Құжатты қарау үшін бүкіл экранды қолдана аласыз:

  • F11 басыңыз.

  • Толық экран режимінен шығу үшін:

    F11 немесе Escape басыңыз