Аңдатпалар навигациясы
Егер құжатыңызда аңдатпалар жасаған болсаңыз, құжаттағы барлық аңдатпалардың тізімін көрсету үшін бүйірлік панельді қолдана аласыз. Тізім аңдатпаның түрін, бет нөмірін және авторын көрсетеді.
Белгілі бір аңдатпаның орнына жылдам өту үшін бет нөмірінің сол жағындағы бағдаршаны шертіңіз. Сол беттегі аңдатпалар тізімін көресіз. Өзіңізге қажетті аңдатпаны шертіңіз, сонда Evince құжаттағы аңдатпа орналасқан жерге ауысады.
