Қолдау көрсетілетін редакторлар
gedit
Тікелей іздеу (gedit бағдарламасынан Evince бағдарламасына) және Кері іздеу (Evince бағдарламасынан gedit бағдарламасына) екеуіне де қолдау көрсетіледі.
Vim-latex
gedit плагинінде SyncTeX-ті Vim-мен жұмыс істету үшін қолданылатын python скрипті (evince_dbus.py) бар. vim-latex құралын Evince бағдарламасымен бірге қолдану үшін келесі қадамдарды орындаңыз:
evince_dbus.py файлын жолыңыздағы бір бумаға көшіріп, оған +x рұқсаттарын беріңіз.
-
~/.vimrc файлын түзету арқылы келесі жолдарды қосыңыз.
let g:Tex_ViewRule_pdf = 'evince_dbus.py' let g:Tex_DefaultTargetFormat = 'pdf' let g:Tex_CompileRule_pdf = 'pdflatex --synctex=1 -interaction=nonstopmode $*' Енді vim-latex-тен \ls теру арқылы Тікелей іздеуді қолдана аласыз. Кері іздеуге әлі қолдау көрсетілмейді.