Формалар
Интерактивті форманы толтыру кезінде тышқанмен өрістерді шерту арқылы бір өрістен екіншісіне өте аласыз. Мәтін өрісін толтырып болғаннан кейін Enter басыңыз.
Айналдырылатын тізімнен таңдау жасау үшін тізімді шертіп, тышқанмен қажетті таңдауға дейін айналдырыңыз.
Форманың кейбір бөліктерін басып шығарғаннан кейін қолмен толтыру қажет болуы мүмкін. Мысалы, белгілі бір жерлерді шеңберлеу немесе формаға қол қою керек болар. Егер мұны электронды түрде жасағыңыз келсе, Xournal бағдарламасын қолданып көріңіз.