Аңдатпалары бар PDF көшірмесін сақтау
Аңдатпалары бар PDF көшірмесін болашақта Evince немесе аңдатпаларды қолдайтын кез келген басқа PDF қарау құралымен қарау үшін сақтау үшін:
Файл опциялары ▸ Қалайша сақтау… тармағын шертіңіз
Файлды сақтау үшін атау мен буманы таңдап, Сақтау шертіңіз. PDF файлы сіз таңдаған бумада сақталады.
Аңдатпалар PDF спецификациясына сәйкес қосылады. Сондықтан PDF оқитын құралдардың көбі оларды оқи алуы керек. Adobe Reader жұмыс істейтіні белгілі.