Неліктен мен таңдаған мәтін дұрыс көшірілмеді?

Егер сіз Evince арқылы құжаттан мәтінді ерекшелеп көшіріп, содан кейін оны басқа қолданбаға кірістірсеңіз, пішімдеуі өзгеруі мүмкін. Онда бастапқы таңдаудан басқа таңбалар да болуы мүмкін. Бұл көбінесе бірнеше бағаны бар PDF құжатынан мәтін көшіргенде болады.

Бұл мәселе кейбір құжат форматтарының мәтінмен жұмыс істеу тәсіліне байланысты туындайды. Құжаттағы нақты мәтін оның көрсетілу тәсілінен өзгеше сақталады. Бұл көшірме күткендей болмауына әкелуі мүмкін.

Өкінішке орай, бұл мәселені шешудің нақты жолы жоқ. Бір уақытта азырақ мәтін көшіру немесе мәтінді мәтін редакторына (gedit сияқты) көшіру мәселені азайтуы мүмкін.