Құжатты PostScript форматына түрлендіру
Келесі пішімдегі құжаттарды PostScript файлдарына түрлендіре аласыз:
DjVu (.djvu, .djv)
Portable Document Format (.pdf)
Tagged Image File Format (.tiff, .tif)
Бұл файлды Evince бағдарламасында ашып, құжатты PostScript файлы ретінде "басып шығару" арқылы жүзеге асады.
Жоғарғы оң жақ бұрыштағы Файл опциялары мәзірін шертіп, Басып шығару таңдаңыз немесе Ctrl+P басып, Жалпы бетіне өтіңіз.
Файлға басып шығару таңдап, Шығыс пішімі ретінде PostScript таңдаңыз.
Файлды сақтау үшін атау мен буманы таңдап, Басып шығару шертіңіз. PostScript файлы сіз таңдаған бумада сақталады.