Презентациялар
Презентацияны бастау
Презентацияны бастау үшін:
-
Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Слайдшоу ретінде көрсету таңдаңыз (немесе F5 басыңыз).
Презентация толық экранда көрсетіледі.
Презентация бойынша жылжу
Келесі слайдқа өту үшін бос орын, →, ↓ пернелерін немесе тышқанның сол жақ батырмасын қолданыңыз.
Алдыңғы слайдқа өту үшін ←, ↑ пернелерін немесе тышқанның оң жақ батырмасын қолданыңыз.
Сондай-ақ презентация бойынша алға-артқа жылжу үшін айналдыру дөңгелегін қолдануға болады.
Презентациядан шығу үшін Esc пернесін қолданыңыз.
Бос экранды көрсету
Қара экранды көрсету үшін B немесе . пернесін басыңыз.
Ақ экранды көрсету үшін W басыңыз.
Слайдты қайта көрсету үшін B, . немесе W пернелерін қайта басыңыз.
Қолдау көрсетілетін презентация файл форматтары
Презентациялар үшін келесі файл форматтарын қолдануға болады:
Комикстер архиві (.cbr және .cbz)
Device Independent файл пішімі (.dvi)
DjVu (.djvu, .djv)
Open Document презентациясы (.odp)
Portable Document Format (.pdf)
PostScript (.ps)