Форманы сақтау
Толтырып болғаннан кейін форманы екі тәсілдің бірімен сақтауға болады:
-
Болашақта түзетуге болатын көшірмені сақтау үшін (форма интерактивті болып қалады):
Жоғарғы оң жақ бұрыштағы Файл опциялары мәзірін шертіп, Қалайша сақтау… таңдаңыз немесе пернетақтада Ctrl+S басыңыз.
Файлды сақтау үшін атау мен буманы таңдап, Сақтау шертіңіз. PDF файлы сіз таңдаған бумада сақталады.
-
Енді түзетуге болмайтын көшірмені сақтау үшін (мысалы, форманы электрондық поштамен жіберу немесе желіде тапсыру үшін):
Жоғарғы оң жақ бұрыштағы Файл опциялары мәзірін шертіп, Басып шығару таңдаңыз немесе пернетақтада Ctrl+P басыңыз.
Файлға басып шығару таңдап, Шығыс пішімі ретінде PDF таңдаңыз.
Файлды сақтау үшін атау мен буманы таңдап, Басып шығару шертіңіз. PDF файлы сіз таңдаған бумада сақталады.
Шифрленген файлдардың көшірмелерін сақтау немесе басып шығару мүмкін емес.