Мен құжатты басып шығара алмаймын

Басып шығарудың сәтсіз аяқталуының ықтимал себептері

Құжат келесі себептерге байланысты басып шығарылмауы мүмкін:

  • Принтер мәселелері немесе,

  • PDF басып шығару шектеулері.

Принтер мәселелері

Принтеріңіздің жұмыс істемеуінің көптеген себептері болуы мүмкін. Мысалы, қағаз немесе сия таусылуы, желіден ажыратылуы немесе зақымдалуы мүмкін.

Принтеріңіздің дұрыс басып шығарып жатқанын тексеру үшін:

  1. Іс-әрекеттер шолуын ашып, Баптаулар деп тере бастаңыз.

  2. Баптаулар үстіне шертіңіз.

  3. Бүйірлік панельдегі Принтерлер тармағын шертіңіз.

  4. Принтердің жанындағы баптаулар батырмасын шертіңіз.

  5. Басып шығару опциялары таңдаңыз.

  6. Сынақ беті батырмасын шертіңіз. Бет принтеріңізге жіберілуі керек.

    Егер бұл сәтсіз аяқталса, Басып шығару бойынша көмекті қараңыз. Сондай-ақ тағы не істеуге болатынын білу үшін принтеріңіздің нұсқаулығын қарауыңыз қажет болуы мүмкін.

PDF басып шығару шектеулері

Кейбір PDF құжаттарында оларды басып шығаруға кедергі жасайтын баптау бар. Авторлар бұл басып шығару шектеуін құжатты жазған кезде орната алады. Evince бұл шектеуді әдепкі бойынша айналып өтеді, бірақ оның сөндірілмегенін тексергіңіз келуі мүмкін:

Бұл баптауды өзгерту үшін компьютеріңізде dconf Editor орнатылған болуы керек.

  1. Іс-әрекеттер шолуын ашып, dconf Editor деп тере бастаңыз.

  2. dconf Editor үстіне шертіңіз.

  3. /org/gnome/evince мекенжайына шолу жасаңыз.

  4. override-restrictions опциясы белгіленгеніне көз жеткізіңіз.

  5. Evince бағдарламасына қайтып оралып, құжатты қайтадан басып шығарып көріңіз.