Бетбелгілер
Құжаттарды қарау құралы арқылы бетбелгілерді қосуға, атын өзгертуге және өшіруге болады.
Файлды ашқан кезде терезенің сол жағында бүйірлік панель болуы керек. Егер бүйірлік панель көрінбесе, жоғарғы сол жақ бұрыштағы Бүйірлік панель батырмасын басыңыз немесе пернетақтадағы F9 пернесін басыңыз.
Осы бүйірлік панельдің төменгі жағында Бетбелгілер батырмасын таңдаңыз.
Бетбелгі жасау
PDF құжатының өзінде бетбелгі қосқыңыз келетін бетке өтіңіз.
Бүйірлік панельде төменгі жағындағы Бетбелгілер батырмасын таңдаңыз.
Бүйірлік панельдің төменгі жағындағы + батырмасын басыңыз. Сіз жаңадан қосқан бетбелгінің бастапқы атауы құжаттың бет нөмірі болады.
Енді бетбелгілер тізімінде жаңа бетбелгі пайда болады.
Бетбелгінің атын өзгерту
Бүйірлік панельде төменгі жағындағы Бетбелгілер батырмасын таңдаңыз.
Бүйірлік панельдегі бетбелгіні таңдаңыз.
Бетбелгі атауының үстіне шертіңіз.
Жаңа атауды енгізіңіз.
Enter басыңыз.
Бетбелгіні өшіру
Бүйірлік панельде төменгі жағындағы Бетбелгілер батырмасын таңдаңыз.
Бүйірлік панельдің төменгі жағындағы - батырмасын басыңыз.