Құжатты PDF форматына түрлендіру
Келесі форматтағы құжаттарды PDF форматына түрлендіре аласыз:
Device Independent файл пішімі (.dvi)
PostScript (.ps)
Бұл файлды Evince бағдарламасында ашып, құжатты PDF файлы ретінде "басып шығару" арқылы жүзеге асады.
Жоғарғы оң жақ бұрыштағы Файл опциялары мәзірін шертіп, Басып шығару таңдаңыз немесе пернетақтада Ctrl+P басыңыз.
Файлға басып шығару таңдап, Шығыс пішімі ретінде PDF таңдаңыз.
Файлды сақтау үшін атау мен буманы таңдап, Басып шығару шертіңіз. PDF файлы сіз таңдаған бумада сақталады.
PostScript немесе .dvi файлдарында мәтінді таңдай алмайсыз, бірақ әдетте PDF файлдарында мұны істеуге болады. .dvi немесе PostScript файлдарын PDF-ке түрлендіру мәтінді таңдалатын етпейді. Себебі мәтіннің өзі файлда сақталмаған (бұл жай ғана мәтіннің қалай көрінетіні туралы сурет), сондықтан оны қалпына келтіріп, PDF-ке салу мүмкін емес. Қажет болса, файлдардан мәтінді шығарып алу үшін Мәтінді оптикалық тану (OCR) бағдарламалық қамтамасын қолдануға болады.