Құжатты ашу
Құжатты келесі тәсілдердің кез келгенімен аша аласыз:
-
Файлдар немесе файл менеджері ішінде файлдың үстіне екі рет шертіңіз.
PDF, PostScript, .djvu, .dvi және комикстер архиві файлдарына екі рет шерту оларды әдепкі бойынша Evince бағдарламасында ашады.
Файлдар ішінде файл таңбашасына оң жақпен шертіп, Көмегімен ашу ▸ Evince тармағын шертіңіз.
Егер бос Evince терезесі ашық тұрса:
Файлдар ішінен файлды терезеге сүйреңіз. Жаңа файл сол терезеде ашылады.
Терезенің жоғарғы сол жақ бұрышындағы Ашу… батырмасын басыңыз. Құжатты ашу сұхбат терезесінде ашқыңыз келетін файлды таңдап, Ашу батырмасын шертіңіз. Файл сол терезеде ашылады.
Егер Evince терезесінде құжат ашық тұрса:
Файлдар ішінен файлды терезеге сүйреңіз. Жаңа файл жаңа терезеде ашылады.
Ctrl+O басыңыз. Құжатты ашу сұхбат терезесінде ашқыңыз келетін файлды таңдап, Ашу батырмасын шертіңіз. Файл жаңа терезеде ашылады.