Аңдатпаларды өшіру
Аңдатпа — PDF құжатына қосылған ескертпе немесе түсініктеме. Сіз немесе басқа адамдар қосқан аңдатпаларды өшіре аласыз.
Аңдатпасы бар бетті ашыңыз. Егер қай беттерде аңдатпа бар екенін білмесеңіз, оларды аңдатпалардың бүйірлік панелінен табыңыз.
Құжаттағы аңдатпа таңбашасына оң жақ батырмамен шертіп, Аңдатпаны өшіру таңдаңыз.
Жоғарғы оң жақтағы мәзір батырмасын, содан кейін Қалайша сақтау… тармағын басып, өзгерістерді жаңа құжатқа сақтаңыз.