Аңдатпаларды қосу

Аңдатпа — PDF құжатына қосылған ескертпе немесе түсініктеме. Evince арқылы аңдатпаларды қоса аласыз.

Файлды ашқан кезде терезенің сол жағында бүйірлік панель болуы керек. Егер бүйірлік панель көрінбесе, жоғарғы сол жақ бұрыштағы Бүйірлік панель батырмасын басыңыз немесе пернетақтадағы F9 пернесін басыңыз.

Бүйірлік панельдің төменгі жағындағы Нобайлар, Құрылым, Аңдатпалар және Бетбелгілер батырмалары панельде нені көрсетуді таңдауға мүмкіндік береді. (Кейбір опциялар кейбір құжаттар үшін қолжетімсіз болуы мүмкін).

Аңдатпа жасау үшін:

  1. Тақырыптама жолағынан Құжатқа аңдатпа жасау батырмасын таңдаңыз:

    • Енді тақырыптама жолағының астында Ескертпе мәтіні және Мәтінді түспен ерекшелеу батырмаларын көруіңіз керек.

  2. Мәтіндік аңдатпа қосу үшін бірінші батырманы шертіңіз.

  3. Құжат терезесінде аңдатпаны қосқыңыз келетін жерге шертіңіз. Аңдатпа терезесі ашылады.

  4. Мәтінді аңдатпа терезесіне теріңіз.

    Ескертпенің төменгі бұрыштарының бірінде тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып, оны жылжыту арқылы ескертпенің өлшемін өзгерте аласыз.

  5. Ескертпенің жоғарғы бұрышындағы x белгісін шертіп, оны жабыңыз.