Құжатты SVG форматына түрлендіру

Келесі форматтағы құжаттарды SVG файлдарына түрлендіре аласыз:

  • Portable Document Format (.pdf)

Бұл файлды Evince бағдарламасында ашып, құжатты SVG файлы ретінде "басып шығару" арқылы жүзеге асады.

  1. Жоғарғы оң жақ бұрыштағы Файл опциялары мәзірін шертіп, Басып шығару таңдаңыз немесе пернетақтада Ctrl+P басыңыз.

  2. Файлға басып шығару таңдап, Шығыс пішімі ретінде SVG таңдаңыз.

  3. Файлды сақтау үшін атау мен буманы таңдап, Басып шығару шертіңіз. SVG файлы сіз таңдаған бумада сақталады.