Аудармаға көмектесу

Evince пайдаланушы интерфейсі мен құжаттамасын бүкіл әлемдегі еріктілер қауымдастығы аударуда. Сіздің де қатысуыңызға болады.

Аудармалары әлі де қажет көптеген тілдер бар.

Аударманы бастау үшін тіркелгі жасап, өз тіліңіздің аударма тобына қосылуыңыз керек. Бұл сізге жаңа аудармаларды жүктеп салу мүмкіндігін береді.

GNOME аудармашыларымен Matrix желісіндегі #i18n:gnome.org немесе irc.libera.chat желісіндегі #gnome-i18n арнасында сөйлесе аласыз. Арнадағы адамдар бүкіл әлемде орналасқан, сондықтан уақыт белдеулерінің айырмашылығына байланысты бірден жауап ала алмауыңыз мүмкін.

Сонымен қатар, интернационализация тобымен GNOME Discourse арқылы байланысуға болады.