Құжаттан мәтінді табу
Іздеу өрісін көрсету үшін Лупа батырмасын шертіңіз немесе пернетақтада Ctrl+F немесе / басыңыз.
Іздеу өрісіне мәтін тере бастаңыз, іздеу автоматты түрде басталады.
Алдыңғы немесе келесі іздеу нәтижесіне өту үшін ∧ және ∨ батырмаларын қолданыңыз.
Іздеу жолағын жасыру үшін Лупа батырмасын қайта шертіңіз немесе Esc басыңыз.
Сөздерді регистр немесе толық сәйкестік бойынша сүзгілеу үшін іздеу өрісіне оң жақпен шертіп, Регистрді ескеру немесе Тек толық сөздер таңдауға болады.
Егер сіз іздеген сөз немесе фраза құжатта табылмаса, іздеу өрісінде
белгісін көресіз. Бірақ, егер ол құжатта кем дегенде бір рет кездессе, ағымдағы бетте іздеу нәтижесінің неше рет кездесетіні көрсетіледі.
Тек PDF құжаттарынан іздеуге болады. Кейбір PDF құжаттарында іздеу мүмкін емес, себебі олардың мәтіні құжатта сурет ретінде кодталған.