Бастапқы баптауларды өзгерту

Құжат алғаш рет ашылғанда масштаб және бетті қарау сияқты бастапқы баптаулар қолданылады. Осы баптауларға енгізілген кез келген өзгертулер сол құжат үшін сақталады.

Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Ағымдағы баптауларды бастапқы ретінде сақтау тармағын таңдау арқылы қазіргі қолданып отырған баптауларды барлық жаңа құжаттар үшін бастапқы ретінде сақтай аласыз.

Жаңа бастапқы баптаулар бұрын ашылған құжаттардың баптауларын қайта жазбайды, олар тек бірінші рет ашылған құжаттарға ғана қолданылады.