Командалық жол
Evince бағдарламасын командалық жолдан іске қосу үшін evince теріңіз. Белгілі бір файлды ашу үшін evince командасынан кейін файл атын теріңіз:
evince файл.pdfБірнеше файлды ашу үшін evince командасынан кейін файл аттарын бос орынмен бөліп теріңіз:
evince файл1.pdf файл2.pdfEvince сонымен қатар интернеттегі файлдармен жұмыс істеуді қолдайды. Мысалы, evince командасынан кейін интернеттегі файлдың орналасқан жерін көрсетуге болады:
evince http://www.claymath.org/millennium/P_vs_NP/pvsnp.pdfҚұжатты белгілі бір беттен ашу
Құжатты белгілі бір беттен ашу үшін --page-label ауыстырғышын қолдануға болады. Мысалы, құжатты 3-ші беттен ашу үшін келесіні теріңіз:
evince --page-label=3 файл.pdfБет белгісі Evince тақырыптама жолағында көрсетілетін бет нөмірімен бірдей форматта болуы керек.
Құжатты толық экран режимінде ашу
evince --fullscreen файл.pdfҚұжатты презентация режимінде ашу
evince --presentation файл.pdfҚұжатты алдын ала қарау режимінде ашу
evince --preview файл.pdf