Evince бағдарламасына қатысты ақаулық туралы хабарлау
Evince бағдарламасын еріктілер қауымдастығы қолдайды. Сіздің де қатысуыңызға болады. Егер мәселені байқасаңыз, ақаулық туралы хабарлама жібере аласыз. Ақаулықты тіркеу үшін https://gitlab.gnome.org/GNOME/evince/issues/ мекенжайына өтіңіз.
Бұл — пайдаланушылар мен әзірлеушілер ақаулар, іркілістер туралы мәліметтерді тіркей алатын және жақсартуларды сұрай алатын ақауларды қадағалау жүйесі.
Қатысу үшін сізге қол жеткізуге, ақауларды тіркеуге және пікір қалдыруға мүмкіндік беретін тіркелгі қажет. Сондай-ақ, ақаулықтың күйі туралы жаңартуларды электрондық пошта арқылы алу үшін тіркелуіңіз керек. Егер тіркелгіңіз жоқ болса, оны жасау үшін Sign in / Register сілтемесін шертіңіз.
Тіркелгіңіз болған соң, жүйеге кіріп, New issue батырмасын шертіңіз. Ақаулық туралы хабарламас бұрын, ақаулықты жазу бойынша нұсқаулықты оқыңыз және ақаулықтың бұрыннан бар-жоғын білу үшін шолу жасаңыз.
Егер сіз жаңа мүмкіндікті сұрап жатсаңыз, Labels мәзірінен 1. Feature таңдаңыз. Title (Тақырыбы) және Description (Сипаттамасы) бөлімдерін толтырып, Submit Issue батырмасын шертіңіз.
Сіздің хабарламаңызға ID нөмірі беріледі және ол қарастырылып жатқанда оның күйі жаңартылып отырады.