Бар кілтті өшіру
Егер сіз біреумен бұдан былай байланыспасаңыз, Парольдер мен кілттер арқылы компьютеріңіздегі олардың GnuPG кілтінің көшірмесін өшіруге болады. Сондай-ақ, өзіңізге тиесілі кілт кілттер серверінде ешқашан жарияланбаған болса, оны біржола өшіре аласыз. GnuPG кілтін өшіру ашық кілтті де, жабық кілтті де өшіреді.
Кілтті өшіру үшін:
Кілтті таңдаңыз.
-
Оң жақпен шертіп, Өшіру таңдаңыз.
Кілттер серверінде жарияланған GnuPG кілтін өшіргенде, сіз тек GnuPG кілттер бауындағы кілтті ғана өшіресіз, өйткені ашық кілттің көшірмесі кейбір кілттер серверінде бәрібір болады.
Егер GnuPG кілтіңізді өшірсеңіз, бұл сіздің жабық кілтіңіз біржола өшірілетінін білдіреді, тіпті ашық кілтіңізді кілттер серверінен әлі де алуға және сізге оқи алмайтын хабарламаларды шифрлеу үшін пайдалануға болады! Мұндай кілттің пайдаланылуын болдырмау үшін кілтті алыңыз және қайтарып алыңыз (күшін жойыңыз). Содан кейін адамдардың оны алуына және пайдалануына жол бермеу үшін қайтарып алынған кілтті кілттер серверімен синхрондауға болады.
Жаңа сұхбат терезесінде Бұл құпия кілттің біржола өшірілетінін түсінемін құсбелгісін қою арқылы өшіруді растаңыз және аяқтау үшін Өшіру батырмасын басыңыз.