PGP кілттерін экспорттау

Кілттеріңіздің сақтық көшірмесін жасау немесе ашық кілтіңізді біреумен бөлісу үшін PGP кілттеріңіздің мазмұнын экспорттаңыз және оларды кілт файлдарында сақтаңыз.

Ашық PGP кілтіңізді экспорттау үшін:

  1. Сол жақ панельден GnuPG кілттері кілттер бауын таңдаңыз.

  2. Тізімнен экспортталатын Жеке PGP кілтін таңдаңыз.

  3. Кілтті оң жақпен шертіп, Экспорттау… таңдаңыз.

  4. Кілттерді ASCII форматында сақтау үшін экспорттау терезесінің төменгі жағындағы мәзірден Armored PGP кілттері таңдаңыз

  5. Кілт файлыңыз үшін орын таңдап, аяқтау үшін Экспорттау басыңыз.

Жабық PGP кілтіңізді экспорттау үшін:

  1. Сол жақ панельден GnuPG кілттері кілттер бауын таңдаңыз.

  2. Тізімнен экспортталатын Жеке PGP кілтін таңдаңыз.

  3. Таңдалған кілтті оң жақпен шертіп, Қасиеттері ▸ Мәліметтер таңдаңыз.

  4. Файлға экспорттау батырмасын басыңыз.

  5. Құпия кілтті экспорттау таңдаңыз.

  6. Кілт файлыңыз үшін орын таңдап, аяқтау үшін Экспорттау басыңыз.