Кілттер бауларының құлпын ашу

Кілттер бауы ішіндегі парольдерді қорғау үшін жиі құлыпталуы мүмкін, бұл маңызды заттарды сандық ішіне қауіпсіз құлыптауға ұқсайды. Парольдеріңізді қарау үшін алдымен кілттер бауының құлпын ашуыңыз керек.

Кілттер бауының құлпын ашу үшін:

  1. Сол жақтағы панельден құлпы ашылатын кілттер бауын таңдаңыз. Ол Парольдер астында тізімделген.

  2. Таңдалған кілттер бауын оң жақпен шертіп, мәзірден Құлпын ашу таңдаңыз немесе балама ретінде кілттер бауының құлпын ашу үшін оның атауының жанындағы жабық құлыптың кішкентай суретін шертіңіз.

  3. Егер кілттер бауы парольмен қорғалған болса, кілттер бауының құлпын ашу үшін пароль сұралады. Пароль өрісіне дұрыс парольді енгізіп, аяқтау үшін Құлпын ашу басыңыз.

Кілттер бауларын жасау кезінде оларды парольмен қорғауды таңдауға болады.