Ашық кілттеріңізбен бөлісу

Адамдар сізге шифрленген хабарламалар жіберуін қаласаңыз, олармен GnuPG кілтіңізбен бөлісуіңіз керек. Кілтті таңдалған бірнеше адаммен бөлісу үшін оны экспорттаңыз және шыққан кілт файлын оларға пошта арқылы жіберіңіз. Кез келген адамға ашық кілтіңізді алуға және пайдалануға рұқсат беру үшін оны кілттер серверінде жариялаңыз.

Кілтімді кілттер серверінде қалай жариялаймын?

  1. Сол жақ панельден GnuPG кілттері таңдаңыз.

  2. Тізімнен жариялағыңыз келетін Жеке PGP кілтін таңдаңыз.

  3. Тақырып жолағындағы ☰ мәзір батырмасын басыңыз.

  4. Кілттерді синхрондау және жариялау… тармағын таңдаңыз.

  5. Ашық кілтіңізді жариялауға болатын кілттер серверлерінің тізімін көру үшін Кілттер серверлері батырмасын басыңыз.

  6. Кілтіңізді кілттер серверінде жариялау үшін Кілттерді жариялау орны мәзірінен кілттер серверін таңдаңыз.

  7. Алдыңғы сұхбат терезесіне қайту үшін Баптаулар терезесін жабыңыз.

  8. Аяқтау үшін Синхрондау басыңыз.

Кілттеріңізді жариялау кезінде Интернетке қосылған болуыңыз керек.

Кілттер сервері деген не?

Кілттер серверлері — оларға жіберілген ашық шифрлеу кілттерінің көшірмелерін сақтайтын және бұл көшірмелерді Интернет арқылы басқа кілттер серверлерімен бөлісетін компьютерлер.