SSH кілттерін импорттау
Егер сіз электрондық пошта арқылы кілт файлын алсаңыз, оны Парольдер мен кілттер қолданбасына импорттағыңыз келуі мүмкін. Көп жағдайда Парольдер мен кілттер SSH кілттерін компьютеріңіздегі ~/.ssh бумасынан автоматты түрде импорттайды. Сондай-ақ кілттерді Парольдер мен кілттер қолданбасына қолмен импорттауға болады.
Кілтті қолмен қалай импорттауға болады?
Терезенің жоғарғы сол жақ бұрышындағы + батырмасын басыңыз.
Тізімнен Файлдан импорттау… таңдаңыз.
Жаңа сұхбат терезесінде импорттағыңыз келетін кілтті таңдаңыз. Ашық SSH кілттері pub форматында аяқталады.
Ашу басыңыз.
Импортталған кілттер түріне қарай автоматты түрде топтастырылады. Сондықтан SSH кілттері OpenSSH кілттері бөлімінде тізімделген.