Кілттер бауы паролін жаңарту

Кілттер бауының құлпын ашу паролін кез келген уақытта жаңартуға болады.

Пароль кілттер бауының паролін жаңарту үшін:

  1. Сол жақ панельдегі Парольдер астындағы тізімнен пароль кілттер бауын таңдаңыз.

  2. Таңдалған пароль кілттер бауын оң жақпен шертіп, Парольді өзгерту таңдаңыз.

  3. Өзіңізді растау үшін ескі парольді теріп, Жалғастыру басыңыз.

  4. Жаңа сұхбат терезесінде жаңа парольді теріңіз, оны растау үшін қайта теріңіз және аяқтау үшін Жалғастыру батырмасын басыңыз.