Кілттер бауларын құлыптау
Парольдеріңізді қауіпсіз сақтау үшін оларды парольмен қорғалған кілттер бауында сақтаңыз. Парольмен қорғалған кілттер бауы құлыпталған кезде, ондағы парольдер біреу кілттер бауын дұрыс парольмен ашқанша жасырын болады.
Кілттер бауын жасау кезінде оны парольмен қорғауды таңдауға болады.
Пароль кілттер бауын құлыптау үшін:
Сол жақ панельдегі Парольдер астындағы кілттер баулары тізімінен құлыпталатын кілттер бауын таңдаңыз.
Таңдалған кілттер бауын оң жақпен шертіп, Құлыптау таңдаңыз немесе пароль кілттер бауының атауының жанындағы ашық құлыптың кішкентай суретін шертіңіз.