Ішкі кілттердің күшін жою
Егер ішкі кілтіңізге қауіп төнген болса немесе ол бұдан былай пайдаланылмаса, кілтті теріс пайдалануды болдырмау үшін оның күшін жойған (қайтарып алған) жөн болар еді.
Ішкі кілттің күшін жою үшін:
Ішкі кілттер панеліне өтіңіз.
Тізімнен ішкі кілтті таңдап, Күшін жою батырмасын басыңыз.
Жаңа сұхбат терезесінде кілттің күшін жою себебін таңдаңыз. Қаласаңыз, себебіңізді Сипаттама өрісінде егжей-тегжейлі сипаттаңыз.
Күшін жою батырмасын басыңыз.
Кілтті оның кілттік фразасымен ашуыңыз керек.
Ішкі кілттің Күйі Ішкі кілттер панелінде Күші жойылған болып өзгереді.
Егер сіз ішкі кілтіңізді жариялаған болсаңыз, күшін жоюды кілттің барлық көшірмелеріне қолдану үшін оны күшін жойғаннан кейін кілттер серверлерімен синхрондауыңыз керек.