Кілттерге қол қою
Біреудің кілтіне сенетініңізді және оның шынайылығына кепілдік беретініңізді көрсету үшін оған қол қоюға болады. Адамның кілтіне кілттегі пайдаланушы идентификаторын паспорт, жүргізуші куәлігі немесе соған ұқсас жеке басын куәландыратын жарамды құжатпен салыстырғаннан кейін ғана қол қойылуы керек. Егер екі идентификатор сәйкес келсе, кілт сенімді деп саналады.
Кілтке қол қою үшін:
Қол қойылатын кілті бар қашықтағы кілтті немесе кілт файлын Парольдер мен кілттер қолданбасына импорттаңыз.
GnuPG кілттері тізімінен импортталған кілтті таңдаңыз.
Кілтті оң жақпен шертіп, Қасиеттері ▸ Сенім таңдаңыз.
Осы кілтке қол қою батырмасын басыңыз.
Кілтті қаншалықты мұқият тексергеніңізге байланысты Мүлдем тексерген жоқпын, Үстіртін немесе Өте мұқият опцияларының бірін таңдаңыз.
Берілген құсбелгілерді қою арқылы қолтаңбаңызды кейінірек қайтарып алғыңыз келетінін және қолтаңбаңызды жария еткіңіз келетінін шешіңіз.
Бірден көп PGP кілтіне ие болсаңыз, Қол қоюшы жанындағы тізімнен қол қойғыңыз келетін кілтті таңдаңыз.
Аяқтау үшін Қол қою батырмасын басыңыз.