Кілттерді синхрондау

Кілттер бауындағы PGP кілттері кілттер серверіндегі кілтке енгізілген кез келген өзгертулердің, мысалы, жаңа қолтаңбаның жергілікті кілт көшірмесінде жаңартылуын қамтамасыз ету үшін кілттер серверімен синхрондалуы керек. Сол сияқты, жергілікті кілт көшірмесіндегі ақпаратты өзгерткенде, мысалы, мерзімнің аяқталу күнін немесе біреудің кілтіне қол қойғанда, кілттің қашықтағы көшірмесіндегі өзгертулерді жаңарту үшін кілттерді синхрондау керек. Кілттерді синхрондау үшін жұмыс істейтін Интернет байланысы қажет.

Кілтті қалай синхрондауға болады?

  1. Синхрондағыңыз келетін PGP кілтін таңдаңыз.

  2. Тақырып жолағындағы мәзір батырмасын басыңыз.

  3. Кілттерді синхрондау және жариялау… тармағын таңдаңыз.

  4. Кілтті синхрондау үшін Синхрондау батырмасын басыңыз.

Неліктен Синхрондау батырмасы басылмайды?

Тек кілттер серверінде жарияланған PGP кілттерін ғана синхрондауға болады. Егер Синхрондау батырмасы басылмаса, кілттің кілттер серверінде жарияланғанын тексеріңіз. Өз кілттеріңізді синхрондау жағдайында оларды синхрондамас бұрын жариялаңыз.