Бастапқы кілттер бауын өзгерту

Жаңа пароль қосқанда, ол әдетте бастапқы кілттер бауына қосылады. Егер оны басқа кілттер бауына қосқыңыз келсе, жаңа парольді қосу кезінде басқасын таңдай аласыз, сонымен қатар бастапқы кілттер бауын өзгертуге де болады. Бастапқы кілттер бауы әдетте Кіру кілттер бауы болып табылады.

Бастапқы кілттер бауын өзгерту үшін:

  1. Сол жақ панельдегі Парольдер астындағы кілттер баулары тізімінен бастапқы кілттер бауы үшін қалағаныңызды таңдаңыз.

  2. Таңдалған кілттер бауын оң жақпен шертіп, Бастапқы ретінде орнату таңдаңыз.

Кейбір GNOME қолданбаларының парольдері Парольдер мен кілттер арқылы Кіру кілттер бауында автоматты түрде сақталады, өйткені ол бастапқы кілттер бауы болып табылады. Бастапқы кілттер бауын өзгерткен кезде, GNOME қолданбалары үшін жасалған кез келген жаңа парольдер жаңа бастапқы кілттер бауында сақталады, ал өзгертуге дейін жасалған GNOME қолданбасының парольдері Кіру кілттер бауында қалады.