PGP кілттерін импорттау

Егер сіз электрондық пошта арқылы кілт файлын алсаңыз, оны Парольдер мен кілттер қолданбасына импорттағыңыз келуі мүмкін. Көп жағдайда Парольдер мен кілттер PGP кілттерін компьютеріңізден автоматты түрде импорттайды. Сондай-ақ, егер ол импортталмаған болса, белгілі бір кілтті қолмен импорттауға болады.

Кілтті қолмен қалай импорттауға болады?

  1. Терезенің жоғарғы сол жақ бұрышындағы + батырмасын басыңыз.

  2. Тізімнен Файлдан импорттау… таңдаңыз.

  3. Жаңа сұхбат терезесінде импорттағыңыз келетін кілтті таңдаңыз. PGP кілттері pgp немесе asc форматында, GPG кілттері gpg форматында аяқталады.

  4. Ашу басыңыз.

Импортталғаннан кейін PGP және GPG кілттері GnuPG кілттері астында тізімделеді.