Басқа компьютерлерге қосылу

SSH серверін іске қоса алатын қашықтағы компьютерге SSH кілтін орнату үшін Парольдер мен кілттер қолданбасын пайдалануға болады. Сондай-ақ кілтті жасау кезінде қашықтан кіру үшін SSH кілтін баптауға болады.

  1. SSH кілтін оң жақпен шертіп, Кілтті Secure Shell үшін баптау… таңдаңыз.

  2. Ашылған сұхбат терезесінде қашықтағы компьютерге SSH арқылы кіру үшін әдетте пайдаланатын Сервер адресін енгізіп, Баптау басыңыз.

  3. Бағдарлама енді енгізілген Пайдаланушы аты арқылы көрсетілген Сервер адресіне қосылуға әрекеттенеді. Қашықтағы компьютерге қол жеткізуде қандай да бір мәселелер туындаса, мәселені түсіндіретін қалқымалы терезе пайда болады және сіз қайталап көре аласыз. Желілік байланыс бар екеніне және қашықтағы компьютердің қосулы және қолжетімді екеніне көз жеткізіңіз.

  4. Қашықтағы компьютерге қосылу сәтті болса, қашықтағы компьютерге кіру үшін пайдаланатын Парольді сұрайтын сұхбат терезесі пайда болады. Пароліңізді енгізіп, ОК басыңыз.

Енді сіз қашықтағы компьютерге SSH арқылы парольсіз кіре алуыңыз керек.