Ішкі кілт деген не?
Кілттерді қауіпсіз сақтау өте маңызды болғанымен, кілттер көп болған кезде мұны істеу өте жалықтырғыш болуы мүмкін. Парольдер мен кілттер қол қою және шифрлеу үшін ішкі кілттерді пайдалану арқылы кілт қауіпсіздігінің қарапайым шешімін ұсынады.
Жаңа ашық шифрлеу кілтін жасаған сайын бір кілттің орнына кілттер жұбы жасалады. Бұл кілттер жұбы негізгі кілт деп те аталатын басты кілттен және ішкі кілттен тұрады. Негізгі кілт оған байланған қосымша ішкі кілттерді жасау үшін пайдаланылуы мүмкін.
Кілттер жұбындағы әрбір кілт не істейді?
Негізгі кілт басқа кілттерге қол қою, ішкі кілттерді жасау және ішкі кілттердің күшін жою үшін қолданылады. Негізгі кілтіңіз өте қауіпсіз сақталуы керек. Сенім қолтаңбалары да негізгі кілтіңізге жиналады. Егер негізгі кілтке қауіп төнсе, сізде оның және оған тіркелген барлық ішкі кілттердің күшін жоюдан басқа таңдау болмайды.
Әдепкі ішкі кілт хабарламаларды шифрлеу және дешифрлеу үшін қолданылады. Қол қою үшін қосымша ішкі кілттер жасалуы мүмкін. Ішкі кілттеріңіздің қауіпсіз сақталуы маңызды болғанымен, ішкі кілтке қауіп төнген жағдайда оның күшін жойып, түпнұсқа негізгі кілтпен жаңасын жасай аласыз.