PGP кілттерін жасау

Жаңа PGP кілтін жасау үшін:

  1. Терезенің жоғарғы сол жақ бұрышындағы + батырмасын басыңыз.

  2. Тізімнен GPG кілті таңдаңыз.

  3. Толық аты-жөні өрісіне толық аты-жөніңізді енгізіңіз.

  4. Қаласаңыз, электрондық пошта адресіңізді және кілтті сипаттайтын түсініктемені қосыңыз.

  5. Жасау басыңыз.

  6. Пароль сұхбат терезесінде кілт үшін пароль енгізіңіз. Таңдауыңызды растау үшін парольді қайта теріңіз.

  7. Аяқтау үшін ОК басыңыз.

Парольдер мен кілттер қолданбасына кілтті жасау үшін біраз уақыт қажет болады. Кілт жасалып жатқанда, тышқанды айналдырыңыз, пернетақтадағы кейбір пернелерді басыңыз немесе интернетті шолыңыз. Бұл Парольдер мен кілттер қолданбасына шынайы кездейсоқ кілт жасауға көмектеседі. Кілт GnuPG кілттері астында тізімделеді.

GnuPG кілтінің Толық аты-жөні, Электрондық пошта адресі және Түсініктеме мәліметтері кілттің пайдаланушы идентификаторы (user ID) деп аталады.

Қосымша PGP кілт опциялары

Кілттің қосымша опциялары астында шифрлеу түрі, кілт беріктігі және кілттің мерзімі аяқталу күні үшін таңдамалы мәндерді таңдауға болады.

Шифрлеу түрі

Қажеттіліктеріңізге қарай тек қол қою үшін немесе шифрлеу және қол қою үшін пайдалануға болатын кілттерді жасаңыз. RSA және DSA-Elgamal алгоритмдері бірдей қауіпсіз кілттерді жасайды.

Кілт беріктігі

Кілт беріктігі кілттің битпен өлшенетін өлшемімен өлшенеді. Берік кілтті бұзу қиынырақ және көп уақытты қажет етеді, бірақ берік кілттер шифрлеу және қол қою процесін баяулатады. Парольдер мен кілттер қолданбасында кілт беріктігін кілтті қанша уақыт пайдаланғыңыз келетініне байланысты таңдауыңыз керек. Қысқа мерзімді пайдалану үшін кішкентай кілт жеткілікті, ал үлкен кілт ұзақ мерзімді пайдалану үшін қолайлырақ.

Мерзімінің аяқталу күні

Кілттің мерзімі аяқталғанда, кейбір әрекеттер бұдан былай жұмыс істемейді. Парольдер мен кілттер қолданбасында кілтті Мерзімі ешқашан аяқталмайтын етіп орнатуға немесе ол үшін мерзімнің аяқталу күнін таңдауға болады.

Кілтке қол жеткізу мүмкіндігін жоғалтқан жағдайда мерзімнің аяқталу күнін белгілеу ұсынылады. Кілттің мерзімі аяқталса да, мерзімді кешірек күнге өзгертуге болады.