SSH кілттерін экспорттау

Кілттеріңіздің сақтық көшірмесін жасау немесе ашық кілтіңізді біреумен бөлісу үшін SSH кілттеріңіздің мазмұнын экспорттаңыз және оларды кілт файлдарында сақтаңыз.

Ашық SSH кілтіңізді экспорттау үшін:

  1. Сол жақ панельден OpenSSH кілттері кілттер бауында таңдаңыз.

  2. Тізімнен экспортталатын Жеке SSH кілтін таңдаңыз.

  3. Кілтті оң жақпен шертіп, Экспорттау… таңдаңыз.

  4. Экспортталған ашық кілтті компьютерде сақтау үшін Экспорттау батырмасын басыңыз.

Жабық SSH кілтіңізді экспорттау үшін:

  1. Сол жақ панельден OpenSSH кілттері кілттер бауында таңдаңыз.

  2. Тізімнен экспортталатын Жеке SSH кілтін таңдаңыз.

  3. Таңдалған кілтті оң жақпен шертіп, Қасиеттері таңдаңыз.

  4. Экспортталған жабық кілтті компьютерде сақтау үшін Экспорттау батырмасын басыңыз.

Экспортталған жабық кілт файлын қауіпсіз жерде сақтаңыз, өйткені кілтті теріс пайдалануды болдырмау үшін файлдың мазмұны құпия сақталуы керек.