Қашықтағы кілттерді алу
Біреудің ашық GnuPG кілтін Интернеттен алып, оны Парольдер мен кілттер қолданбасында сақтай аласыз.
Қашықтағы кілтті алу үшін:
Тақырып жолағындағы ☰ мәзір батырмасын басыңыз.
Қашықтағы кілттерді табу… тармағын таңдаңыз.
Берілген өріске алғыңыз келетін кілт туралы ақпаратты енгізіңіз. Кілт идентификаторы (key ID) немесе кілт иесінің электрондық пошта адресі сияқты мәліметтер кілт иесінің атына қарағанда дәлірек нәтижелер береді.
Іздеу батырмасын басыңыз.
Іздеу нәтижелері тізімінен импорттағыңыз келетін кілтті таңдап, оң жақтағы Жүктеп алу батырмасын басыңыз.
Импортталған кілт GnuPG кілттері кілттер бауында тізімделеді.
Егер кілтті импорттамас бұрын ол туралы көбірек ақпарат алғыңыз келсе, оны таңдап, Enter басыңыз немесе оны екі рет шертіңіз. Бұл кілт идентификаторы, кілттің саусақ ізі, сенім деңгейі, иесінің аты және т.б. сияқты ақпаратты көрсететін жаңа терезені ашады.