Жаңа кілттер бауын жасау
Қатысты парольдерді топтастыру үшін кілттер бауларын пайдаланыңыз. Кілттер бауын парольмен қорғауды таңдауға болады.
Жаңа пароль кілттер бауын жасау:
Терезенің жоғарғы сол жақ бұрышындағы + батырмасын басыңыз.
Тізімнен Парольдер кілттер бауы тармағын таңдаңыз.
Жаңа кілттер бауы үшін ат таңдаңыз, содан кейін жалғастыру үшін Қосу басыңыз.
Кілттер бауын парольмен қорғау үшін парольді таңдап, таңдауыңызды растау үшін оны қайта теріңіз. Егер кілттер бауының әрқашан ашық болуын қаласаңыз, екі өрісті де бос қалдырыңыз.
Кілттер бауын жасауды аяқтау үшін Жалғастыру басыңыз. Егер сіз кілттер бауын парольмен қорғамаған болсаңыз, мұның қалай орындалатынын растауыңыз керек.
Жаңа кілттер бауы енді Парольдер бөлімінде көрсетіледі.