Кілттер серверін қосу
Парольдер мен кілттер қолданбасында әдепкі бойынша келесі кілттер серверлері тізімделген:
ldap://keyserver.pgp.com
Кілттер серверін қосу үшін
Тақырып жолағындағы ☰ мәзір батырмасын басыңыз.
Баптаулар тармағын таңдаңыз.
Кілттер серверлері бетін таңдаңыз.
Қосу батырмасын басыңыз.
Жаңа сұхбат терезесінде тиісті Кілттер серверінің түрі таңдаңыз. Кілттер серверлері байланыс үшін пайдаланатын хаттамасы арқылы анықталады. Түрін анықтау үшін кілттер серверінің интернет адресіндегі алғашқы бірнеше әріпке қараңыз.
Хост өрісіне кілттер серверінің интернет адресін кірістіріңіз. Қосып жатқан кілттер сервері стандартты емес портта жұмыс істейтінін білу үшін оның құжаттамасын қараңыз. Олай болса, портты «:» таңбасынан кейін енгізіңіз. Сенімді болмасаңыз, «:» таңбасынан кейінгі мәтін жолағын бос қалдырыңыз.
Аяқтау үшін Сақтау басыңыз.