Парольдер мен кілттер Кіріспе — PGP және SSH кілттерін жасау және басқару, сондай-ақ есте сақтау қиын парольдерді сақтау үшін Парольдер мен кілттер қолданбасын пайдаланыңыз. Негізгі ұғымдар мен терминдер — Парольдер мен кілттерді басқаруға қатысты терминдер мен ұғымдарды үйреніңіз. SSH кілттері Жаңа SSH кілтін жасау — Басқа компьютерлерге кіру үшін SSH кілттерін жасаңыз. SSH key creation and setup — How do I create a new SSH key and set it up? SSH кілттерін импорттау — SSH кілттерін кілт файлдарынан Парольдер мен кілттер қолданбасына импорттаңыз. SSH кілттерін экспорттау — Ашық және жабық SSH кілттеріңізді кілт файлдарында сақтау үшін экспорттаңыз. Басқа компьютерлерге қосылу — Пароль енгізбей басқа компьютерге кіру үшін SSH кілттерін пайдаланыңыз. Кілттердің сақтық көшірмесін қауіпсіз жасау — Кілттердің көшірмесін сыртқы құрылғыда сақтаңыз. PGP кілттері PGP кілттерін жасау — Электрондық пошталарды шифрлеу және қол қою үшін GnuPG кілттерін жасаңыз және пайдаланыңыз. Ішкі кілт деген не? — Ішкі кілт әрқашан PGP кілттер жұбындағы негізгі кілтке байланады. Ол шифрлеу үшін қолданылады. PGP кілттерін импорттау — Кілттерді кілт файлдарынан Парольдер мен кілттер қолданбасына импорттаңыз. PGP кілттерін экспорттау — Ашық және жабық PGP кілттеріңізді кілт файлдарында сақтау үшін экспорттаңыз. Ашық кілттеріңізбен бөлісу — Ашық кілттеріңізді кілттер серверлерінде жариялаңыз немесе оларды экспорттап, достарыңызға пошта арқылы жіберіңіз. Бар кілтті өшіру — Кілттеріңіздің жергілікті көшірмелерін немесе сіз байланысатын адамдардың кілттерін өшіріңіз. Кілттер серверін қосу — Парольдер мен кілттер қолданбасындағы кілттер серверлері тізіміне толықтырулар енгізу Кілттерге қол қою — Егер сіз кілтке сенсеңіз, оған қол қоя аласыз. Кілттерді синхрондау — Жергілікті кілттегі ақпаратты кілттер серверіндегі тиісті кілтпен синхрондаңыз. Кілттердің мерзімі аяқталу күнін өзгерту — Кілттеріңіздің мерзімі аяқталу күнін алға жылжытыңыз немесе кейінге қалдырыңыз. Кілттердің сақтық көшірмесін қауіпсіз жасау — Кілттердің көшірмесін сыртқы құрылғыда сақтаңыз. Кілтімнің мерзімі аяқталса не болады? — Оны әлі де пайдалана аламын ба? Мерзімі аяқталу күндерін өзгертуге бола ма? Кілтіңізге фотосуретті тіркеу — Адамдар оларды оңай анықтай алуы үшін бар кілттеріңізге фото идентификаторын қосыңыз. Пайдаланушы идентификаторы деген не? — Жақсы пайдаланушы идентификаторлары бар кілттер жасаңыз және пайдаланушы идентификаторларын қосуды және өшіруді үйреніңіз. Қашықтағы кілттерді алу — Егер сіз біреуге шұғыл шифрленген хабарлама жібергіңіз келсе, бірақ оның кілті болмаса, оның кілтін қашықтағы кілттер серверінен ала аласыз. Сақталған парольдер мен пароль кілттер баулары Жаңа кілттер бауын жасау — Сақталған парольдерді топтастыру үшін пароль кілттер бауларын пайдаланыңыз. Бастапқы кілттер бауын өзгерту — Жаңа парольдерді әдепкі бойынша басқа кілттер бауына сақтау. Кілттер бауларын құлыптау — Онда сақталған парольдерге қол жеткізуді басқару үшін пароль кілттер бауларын құлыптаңыз және парольмен қорғаңыз. Кілттер бауларының құлпын ашу — Құлыпталған кілттер бауының ішінде сақталған парольдерді көру үшін оның құлпын ашыңыз. Кілттер бауы паролін жаңарту — Кілттер баулары жақсы қорғалғанына көз жеткізу үшін олардың парольдерін үнемі жаңартып отырыңыз. Парольдерді сақтау — Парольдер мен кілттер парольдеріңізді есте сақтай алады. Сақталған парольдерді көру — Ұмытып қалған сақталған парольді тексеріңіз.