Субтитрлер
Видео пішіміне байланысты субтитрлер видео файлдың немесе дискінің ішіне ендірілген болуы немесе сыртқы файлдар ретінде қолжетімді болуы мүмкін.
Видео файлда немесе дискіде субтитрлер болған кезде қай субтитрді пайдалануды таңдау үшін, терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Субтитрлер тармағын таңдаңыз.
Егер Баптаулар бөлімінде Фильм жүктелгенде субтитр файлдарын жүктеу опциясы іске қосылған болса, Totem сыртқы субтитрлерді автоматты түрде жүктейді.
Фильм үшін сыртқы субтитрлер файлын қолмен жүктеу үшін:
Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Субтитрлер ▸ Мәтіндік субтитрлерді таңдау… тармағын таңдаңыз.
Файл таңдау терезесі ашылады. Қажетті субтитрлерді іздеңіз.
Оларды таңдап, Ашу батырмасын басыңыз.
Субтитрлердің өлшемі мен қарпін қажеттіліктеріңізге қарай реттеңіз. Баптаулар және қосымша мүмкіндіктер бетіндегі Жалпы ▸ Сыртқы субтитрлер бөлімін қараңыз.