Файл қасиеттері

Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Қасиеттері тармағын таңдау немесе Ctrl+P пернелерін басу арқылы ойнатылып жатқан медианың қасиеттерін көріңіз. Онда үш бөлім көрсетіледі:

Жалпы

Атауы, орындаушысы, альбомы, жылы, ұзақтығы, түсіндірме және контейнер туралы ақпарат.

Видео

Өлшемдері, кодек, кадр жиілігі және биттік жылдамдық туралы ақпарат.

Аудио

Кодек, арналар, дискреттеу жиілігі және биттік жылдамдық туралы ақпарат.