DVD немесе VCD көру
-
Дискіні жетекке салған бойда ойнату үшін, тышқан курсорын хабарламаның үстіне апарып, Totem арқылы ашу батырмасын басыңыз.
-
Дискіні ойнату үшін Файлдар қолданбасын ашып, бүйірлік панельден дискіні таңдаңыз және Видео DVD жолағындағы Totem батырмасын басыңыз.
Дискіні ойнату үшін Totem қолданбасын ашып, Totem торынан DVD дискісін таңдаңыз.
Фильмді көру кезінде навигация жасауға болады:
Видео аймағының астында орналасқан мәзір батырмасын басыңыз.
-
Келесі опциялардың бірін таңдаңыз:
DVD-дің басты мәзірін көру үшін DVD мәзірі тармағын таңдаңыз. Тіл мен субтитрлерді баптаңыз немесе көріністер нұсқағышын немесе арнайы мүмкіндіктерді қараңыз.
DVD интерфейсінің тілін таңдау үшін Атаулар мәзірі тармағын таңдаңыз.
Аудио мәзірі тармағын таңдап, фильмде сөйлейтін тілді таңдаңыз.
Басқа камера ракурсын таңдау үшін Бұрыш мәзірі тармағын таңдаңыз.
Көріністер нұсқағышын көру үшін Бөлімдер мәзірі тармағын таңдаңыз.
Барлық DVD дискілері бұл опцияларды қолдамауы мүмкін.

