Баптаулар және қосымша мүмкіндіктер
Totem кейбір қосымша опцияларды ұсынады. Қолданбаны өз қалауыңызша баптаңыз. Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын ашып, Баптаулар тармағын таңдау арқылы Баптаулар терезесін қараңыз.
Жалпы
- Сыртқы субтитрлер
Субтитрлердің автоматты түрде жүктелуін қаласаңыз, Фильм жүктелгенде субтитр файлдарын жүктеу опциясын белгілеңіз.
Қаріп түрі мен өлшемін оның атын басу арқылы реттеңіз. Ашылмалы тізімнен қаріп түрін таңдаңыз. Жүгірткіні басып, қаріп өлшемін өзгертіңіз. Дайын болғанда Таңдау батырмасын басыңыз.
Ашылмалы тізімнен кодтауды таңдаңыз.
- Плагиндер
Плагиндер қосымша мүмкіндіктер ұсынады және функционалдылықты кеңейтеді. Плагиндер тізімін Плагиндер… батырмасын басу арқылы көре аласыз. Қажеттісін таңдап, қолжетімді болса Баптаулар батырмасын басыңыз.
Экран
- Видео
Totem сізге Интерлейс видеолардың деинтерлейсингін сөндіру мүмкіндігін береді. Ол үшін осы опцияны белгілеңіз.
- Түстер теңгерімі
-
Бұл опция көріп жатқан видеоның Жарықтығын, Контрастын, Қанықтылығын немесе Реңін реттеуге мүмкіндік береді. Ол үшін жүгірткілерді басып, жылжытыңыз.
Алдыңғы баптауларға қайту үшін Бастапқы күйге қайтару батырмасын басуға болады.
Аудио
- Аудио шығысы
Ашылмалы тізімнен Аудио шығысы түрін таңдаңыз.