Белгілі бір файл пішімін ойнату мүмкін емес

Totem көрсететін файл пішімдері GStreamer плагиндеріне байланысты. Flathub-та қолжетімді Totem қолданбасының жалғыз қолдау көрсетілетін нұсқасы барлық кең таралған және кейбір сирек кездесетін видео және аудио пішімдерін қолдауы тиіс.

Егер Flathub-та қолжетімді Totem қолданбасының қолдау көрсетілетін нұсқасында ойнатылмайтын видео файлдарды кездестірсеңіз, қажетті пішімдерге қолдау қосылуы үшін қолданбаға қатысты қате туралы есеп жіберіңіз.