Субтитрлерді жүктеу мәселесі
Субтитрлер немесе Баптаулар және қосымша мүмкіндіктер беттеріндегі субтитрлерге қатысты нұсқауларды орындасаңыз да, Totem әлі де субтитрлерді жүктемеуі мүмкін. Оның себебі келесіде болуы мүмкін:
Субтитр файлының аты қате - файл таңдау терезесін ашып, субтитр файлының аты фильм файлының атымен бірдей екенін тексеріңіз.
Субтитр файлының жоқтығы - файл таңдау терезесін ашып, фильм орналасқан бумада субтитрлері бар файлдың да бар-жоғын тексеріңіз.
Егер фильміңіз үшін субтитр файлыңыз болмаса, оны Totem арқылы іздеуге болады:
Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Баптаулар тармағын таңдаңыз.
Жалпы бетінде Плагиндер бөлімінде Плагиндер… батырмасын басыңыз.
Плагиндерді баптау терезесінде Субтитрлерді жүктеп алушы плагинін іске қосыңыз. Ол қазір ойнатылып жатқан фильм үшін субтитрлерді тауып, жүктеп алуға тырысады.
Субтитрлерді іздеу үшін Интернетке қосылу керек екенін ескеріңіз.