Скриншоттар галереясы
Бір сурет файлында скриншоттар галереясын жасау үшін:
Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Скриншоттар галереясын жасау… тармағын таңдаңыз.
Сұхбат терезесінде жасалатын галерея файлының атын енгізіңіз.
Қажет болса, галерея сақталатын буманы өзгертіңіз.
Дайын болғанда Сақтау батырмасын басыңыз.
Скриншоттар жасалып жатқанда үдеріс жолағы көрсетіледі. Галерея .jpg файлы ретінде сақталады.
Сұхбат терезесінің төменгі жағында скриншоттардың енін пиксельмен көрсетуге болады. Сондай-ақ галереяға кіретін скриншоттар санын орнатуға немесе Скриншоттар санын есептеу опциясын белгілеуге болады, сонда Totem оны автоматты түрде орнатады.