Навигация
Totem ішінде басқару батырмалары, мәзір элементтері немесе пернетақта жарлықтары арқылы навигациялауға болады.
Видеоны көру кезінде төменгі жағында басқару батырмаларын көрсету үшін тышқан курсорын жылжытыңыз. Мұнда сіз:
Медианы ойнату немесе аялдату: P пернетақта жарлығын қолданыңыз немесе Ойнату/Аялдату батырмасын басыңыз.
Видеоны толық экранда көру. F11 пернесін немесе тақырыптама жолағындағы екі бағдаршасы бар батырманы басыңыз.
Дыбыс деңгейін реттеу. Қосымша ақпаратты Дыбыс деңгейін реттеу бөлімінен қараңыз.
Басқа видеоға ауысу үшін жоғарғы сол жақ бұрыштағы Артқа бағдарша батырмасын басыңыз.
DVD-дің басқа бөліміне ауысу немесе басты экранға қайту үшін DVD немесе VCD көру бөлімін қараңыз.
Пернетақта жарлықтарының толық тізімін фильм ойнатылып жатқанда ? пернесін, немесе фильмдер көрінісінде Ctrl+? пернелерін басу арқылы алуға болады.
Пернетақта пернелерімен (Сол жақ және Оң жақ бағдаршалар) алға-артқа жылжыту екі бағытта бірдей уақытты қамтымайды. Бұл фильмдегі белгілі бір орынды оңай табу үшін арнайы жасалған: біз танымайтын немесе іздеген жерімізден асып кеткен бөлікті тапқанша алға жылжып, содан кейін дәлірек артқа қайтамыз.